×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

"Әлі бекітілген жоқ" - депутат Құспан жаңа Конституция жобасы туралы

Бүгін, 11:49
"Әлі бекітілген жоқ" - депутат Құспан жаңа Конституция жобасы туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Абзал Құспан Конституция жобасындағы тіл мәселесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат талқыланып жатқан жоба түпкілікті шешім емес екенін айтады. 

- Тіл мәселесіне құқықтық жағынан қарар болсақ, мен өз ұсынысымды айттым. Әріптестерім Ринат Зайытов, Қазыбек Иса ұсыныс жасады. Барлық ұсыныс парламентаризм институтына немесе конституциялық соттың атына жолдануы керек. Яғни әлеуметтік желіде талқылаумен шектелмеуі керек. Бұл әлі жоба ғой. Бекітілген жоқ. Осыған ғана дауыс береміз деген шешім қабылданған жоқ. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Тілге қатысты немесе басқа да нормалар әлеуметтік желіде талқылаумен шектелмеуі керек, – дейді Құспан. 

Ол желіде жобаны талқылап жатқан адамдарға қатысты ойын айтты. 

- Екіншіден, желіде қолдаушыларға қатысты қолдамайтындар тарапынан ауыр сөздер айтылып жатыр. Кейбірі митингке шығайық деп жатыр. Бұл, менің ойымша, эмоциялық пікірлер. Бұл адами фактор. Қолдайтындар да, қолдамайтындар да дұрыс диалогқа отыруы керек, - дейді депутат. 

БАПИ

Еске салайық, бұған дейін депутат Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасындағы тіл мәртебесіне қатысты пікірлерге ойын білдірген еді. 

Серіктес жаңалықтары