×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда әскерге барудан жалтарғандар саны 30 мыңнан асып жығылды

27.01.2023, 17:16
фото: ашық дереккөзден

Елімізде мерзімді әскери қызметке шақырту үшін іздестіріліп жатқан азаттар саны 30 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев мәлім етті.

«Іздестіруде жүрген азаматтардың саны 30 мыңнан асып жығылады. Ал былтыр 37 мыңнан астам болды», - деді Р. Тапашев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол жастарды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу бойынша тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты.

«Оларды іздестіруге түрлі себептер әсер етіп отыр. Олар жұмыс бабымен тұрғылықты жерінен көшіп кеткенімен әскери есептен шықпайды. Сондықтан оларды іздестіруге тура келеді. Атап айтқанда, олар әскерге шақыру пунктеріне шақыру қағазы бойынша келмейді. Осы орайда бұл адамдардың тізімі жасалып, іздеу жүргізіледі. Олар - 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыруға жататын жастар», - деді бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде әскерге барудан жалтарған 4 мың азамат жауапқа тартылғаны хабарланған.

Жастардың әскерге барудан жалтаруының негізгі себептерінің бірі – ондағы әлімжеттік екені жасырын емес. Соңғы уақытта сарбаздар өлімі жиіледі. Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, былтыр жазда өз-өзіне қол салған 18 жастағы Бекбол Мираштың өліміне қатысты тергеудің жаңа деректері тіпті жаға ұстатарлық.

Серіктес жаңалықтары