×
498.65
589.06
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.65
589.06
6.49

«Арасында 1,5 жасар сәби бар»: Алматы облысындағы қыстақтан бір отбасының төрт адамы өлі табылды

Бүгін, 10:22
«Арасында 1,5 жасар сәби бар»: Алматы облысындағы қыстақтан бір отбасының төрт адамы өлі табылды
Видеодан скрин

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жергілікті «Қонаев» телеарнасының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, оқиға ыстан улану салдарынан болуы мүмкін.Алайда қазіргі уақытта бұл ақпарат нақты расталған жоқ.

Қайтыс болғандар – 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел, сондай-ақ бір жарым жасар бала. Отбасы оңаша қыстақта тұрған. Туыстары бірнеше күн бойы хабар ала алмаған соң іздеп барып, үй ішінен барлығының жансыз денесін тапқан. Қайғылы оқиғаны бірден аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Қазіргі таңда барлық мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Құзырлы мекеме тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 – Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді. Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына заправка жасап кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған айтып жатты, – дейді Саырбастау ауылының тұрғыны Ерқанат Ақылдосов.

ӨҢІРЛІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ  НЕ ДЕЙДІ

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 2 ақпанда Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында орналасқан шаруа қожалығы аумағынан төрт адамның мәйіті табылғанын растады.

 – Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, полиция департаменті және жергілікті атқарушы орган өкілдері барды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары