×
498.65
589.06
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.65
589.06
6.49

"Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады": Президент жаңа Конституция жобасы туралы

Бүгін, 15:27
"Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады": Президент жаңа Конституция жобасы туралы
Ulysmedia коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында жаңа Конституция жобасының маңызы неде екенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президенттің айтуынша, ел тарихында ең елеулі саяси трансформация үдерісі жүріп жатыр. Бұл өзгерістер дамудың игілігін қоғамда әділ бөлуді мақсат етеді.

“Мемлекеттің іргесін бекемдеу жолындағы барлық қам-қарекетіміз елімізді жаңғыртуға, шын мәнінде Әділетті Қазақстанның негізін қалауға бағытталған. Қазақстан «суперпрезиденттік» модельден бас тартып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі тиімді жұмыс істейтін президенттік республика үлгісіне өтті. Ол, ең алдымен, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына арқа сүйейді. Қазір біз саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңіне қадам бастық. Конституциялық реформа аясындағы ең басты өзгерістердің қатарында бір палаталы парламентке (Құрылтай) өту, Халық Кеңесін құру және Вице-президент лауазымын енгізу секілді бастамалар бар. Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады. Ал ынтымақ пен бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді құндылықтар мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді, – деді Тоқаев. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Президент Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуынан қандай пайда көретінін айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары