×
495.1
583.72
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.1
583.72
6.46

Министрлік блогердің "жалаңаш" контентіне тексеріс жүргізбек

Бүгін, 11:41
Министрлік блогердің "жалаңаш" контентіне тексеріс жүргізбек
instagram.com/tenlikova

Мәдениет және ақпарат министрлігі блогер Камила Теңлікованың "жалаңаш" контентіне тексеріс жүргізбек. Ведомство өкілдері жауапкершілік тек блогердің өзіне ғана емес, заңға қайшы контентті таратқан алаңға да жүктелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған дейін блогер Камилла Тенликова Владимир Фирсовке берген сұқбатында өз «бизнесі» туралы айтқан еді. Ол жабық Telegram-арнада интимдік фото және бейнематериалдар жариялайтынын, қазір онда мыңға жуық ақылы жазылушы бар екенін нақтылаған.

Бүгін мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов журналистерге блогердің қызметіне қатысты тексеру жүргізілетінін хабарлады.

– Бұл жағдайды тексерейік, шынын айтсам, мен бұған дейін бұл туралы естімеппін. Егер дерек расталса, біз, әрине, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұл азаматтарды жауапкершілікке тартамыз. Бұл жерде біз тек өзін осы контенттің бет-бейнесі ретінде көрсетіп отырған адамды ғана емес, оны таратқан тарапты да жауапқа тартамыз. Тиісінше, бұл жағдайда контент жарияланған алаң да – яғни подкаст та жауапкершіліктен тыс қалмайды, – деді Кочетов.

Ол сондай-ақ жақын арада заңға қайшы контентке қатысты түзетулер мен оған қолданылатын жазалар күшіне енетінін еске салды.

Серіктес жаңалықтары