×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Бүгін, 16:01
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Shutterstock

Полиция Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 ақпанда "Жезқазған – Петропавл" автожолында болған. Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолдағы ахуалды ескеруді және көліктердің техникалық жай-күйін бақылау керек екенін ескертті.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін "Ақтөбе – Орынбор" тасжолында Құрайлы кенті маңында үш көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары