×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн бопсалаған ер адам ұсталды

Бүгін, 13:15
Шымкентте кәсіпкерден 20 млн бопсалаған ер адам ұсталды
Ашық дереккөз

Шымкент қаласында өзін «тексеруші» ретінде көрсетіп, жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция мәліметінше, күдікті қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, ондағы жағдайды ұялы телефонына видеоға түсірген. Кейін ол кәсіпорын иесіне қысым көрсете бастаған.

Ер адам әртүрлі мемлекеттік органдар тарапынан тексеру жүргізілетінін айтып қорқытқан, бизнесті «жабамын» деп сес көрсеткен және өзі анықтағандай «заңбұзушылықтарға» сілтеме жасаған.

— Шантаж бен қорқыту әдістерін қолдана отырып, ол кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері кез келген адамның тексеру жүргіземін деп қорқытып, қысым көрсету немесе ақпарат таратамын деп ақша талап етуге құқығы жоқ екенін атап өтті. Мұндай жағдайға тап болған кәсіпкерлерге дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары