×
494.75
586.77
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.75
586.77
6.38

Үкімет 2026 жылы қазақстандықтардың жалақысын көтеруді көздейді - Бектенов

Бүгін, 10:53
Үкімет 2026 жылы қазақстандықтардың жалақысын көтеруді көздейді - Бектенов
Ulysmedia.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкіметт басщысының айтуынша, азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейді. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету.

- Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында қаржылық, салықтық және басқа да ынталандыру шаралары көзделуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған , - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкіметтің 2026 жылға арналған негізгі басымдығы халықтың нақты табысының өсуі болып саналады.

“Бұған жаңа өндірістер құруға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі шаралар кешені ықпал ететін болады. Цифрландыру мәселелеріне назар аударылды. Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру жылы аясында Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың барлық салаларына озық технологиялар мен ЖИ енгізу және цифрлық мемлекет құру міндеті қойылды. Алайда бұл бағытта жүзеге асыру жұмыстары тиісті деңгейге жеткен жоқ. Экономиканың нақты секторында цифрландыру процестері әлі де бастапқы сатыда. Осы күнге дейін салалық деректер қорлары толық қалыптаспай отыр. Осы және басқа да мәселелердің барлығы Үкімет әзірлеген «Digital Qazaqstan» стратегиясында өз шешімін табуы тиіс, ол барлық цифрлық бастамаларды жалпыұлттық бағдарламаға біріктіреді, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары