×
494.75
586.77
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.75
586.77
6.38

"Біз мұнай өндіруші ел болсақ та, тапшылыққа тап болып отырмыз": Президент өткір мәселеге назар аударды

Бүгін, 14:42
"Біз мұнай өндіруші ел болсақ та, тапшылыққа тап болып отырмыз": Президент өткір мәселеге назар аударды
pixabay.com

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мұнай саласындағы импортқа тәуелділігі туралы  айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің импортқа тәуелділігі туралы айтқанда мұнай саласындағы күрделі ахуалға тоқталмай кетуге болмайды.

 – Қазақстанда жылына шамамен 100 миллион тонна мұнай өндіріледі, бірақ елімізде соның тек 18 миллион тоннасы ғана қайта өңделеді. Соның салдарынан біз мұнай өндіруші ел болсақ та, жыл өткен сайын дизель отыны бойынша тапшылық пайда болып жатыр, авиациялық керосин бойынша да импортқа тәуелді болып отырмыз, – деді Президент.

Тоқаев отынға деген сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, елімізде жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту керектігін атап айтты.

–  Бұл жұмысты жедел орындау қажет. Аталған қадам бір жылда өңделетін мұнай көлемін 9 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді (18,4 миллион тоннадан 27,4 миллион тоннаға дейін). Бұл – министрліктің мәліметі. Үкімет жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты байыпты шешім қабылдауы қажет. Ең алдымен, мұнай өңдеу зауытына шикізат қайдан жеткізілетінін, қандай өнімді және қанша көлемде өндіретінін дұрыс есептеу керек. Бұл жобаны іске асыруға (егер жүзеге асса) жеке инвестор тарту керек болады. Бүгінде мұндай ірі жобаны тек мемлекет қаржысына салу өте тиімсіз, – дейді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары