×
490.58
584.77
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.58
584.77
6.34

12,5 миллионға жуық қазақстандық референдумда дауыс бере алады

Бүгін, 17:22
12,5 миллионға жуық қазақстандық референдумда дауыс бере алады
Ulysmedia коллажы

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 15 наурызға дейін 18 жасқа толатын барлық азаматтарды референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен өздерін тексеруге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ел бойынша барлығы 10 413 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде:
9 779 учаске – азаматтардың тіркелген жері бойынша;
634 учаске – уақытша болатын орындарда;
соның ішінде 82 учаске шетелде (64 елде).

Қазіргі уақытта тізімге 12 416 759 Қазақстан азаматы енгізілген.

21 ақпаннан бастап әрбір азамат өзінің учаскесі бойынша тізімге енгізілгенін тексеруге, сондай-ақ уақытша болатын жерінде дауыс беруге өтініш беруге құқылы.

БҰҒАН ДЕЙІН

 

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынған болатын. 

Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.

Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады. 

Сондай-ақ республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары