×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Қазақстандық әншінің ұлы Украинада соғысып жүр

Бүгін, 17:05
Қазақстандық әншінің ұлы Украинада соғысып жүр
echo-ua.media

Қазақстаннан шыққан әнші Назгүл Шукаева Украинадағы соғыс басталғалы бері жергілікті халыққа белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді, деп  хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кәсіби әнші Назгүл Шукаева Орал қаласында дүниеге келіп, сол жерде өскен. Музыкалық білімді Мәскеуде алған. Соңғы 25 жыл бойы Киевте тұрып келеді, деп жазады Настоящее время.

Соғыс басталған алғашқы күндерден бастап ол украин халқына көмектесу үшін қайырымдылық концерттер өткізіп, шеберлік сабақтарын ұйымдастырып жүр. Ал оның ұлы 2024 жылы ерікті түрде Украина Қарулы күштерінің қатарына қосылған.

— Мен қатты уайымдамаймын, білесіз бе, неге? Әрине, кейде алаңдаймын, ол да бар… Бірақ менде өмірге, Құдайға деген сенім бар. Өмірде бәрі қалай бұйырса, солай болады деп сенемін. Белгілі бір заңдылық бар ғой. Егер бұл дүниеден кету бізге жазылған болса, кетеміз. Мәңгілік ештеңе жоқ, — деп ағынан жарылды әнші.

Серіктес жаңалықтары