×
491.97
583.77
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.97
583.77
6.39

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:21
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Pexels

Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдағы үш тәулікте Орал таулары маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейіп және боран болады.

Алайда 18 ақпаннан бастап циклонның тылына Хельсинки маңынан жылжып келе жатқан антициклон тарай бастайды, бұл еліміздің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.

ТЕМПЕРАТУРА

Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15–20 градус жылыға дейін көтеріледі. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсерімен байланысты болады.

Серіктес жаңалықтары