×
491.97
583.77
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.97
583.77
6.39

Ресей мен Украина Женевада келіссөздерді қайта бастайды

Бүгін, 13:15
Ресей мен Украина Женевада келіссөздерді қайта бастайды
Фото: reuters

Сейсенбі, 17 ақпанда Ресей мен Украина өкілдері АҚШ-тың арағайындығымен Женевада келіссөздерді қайта жалғастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Киев келіссөздер барысында гуманитарлық күн тәртібіне және қауіпсіздік кепілдіктеріне басымдық бермек. Ал Мәскеу аумақтық ымыралар мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Ресей делегациясын бастап келген РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский отырған ұшақ Женеваға жетті. DW мәліметінше, әуе сапары сегіз сағаттан астам уақытқа созылып, Түркияның әуе кеңістігі, Жерорта теңізінің шығыс бөлігі және Италия арқылы өткен.

Украина делегациясы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров басшылығымен Швейцарияға бір күн бұрын, 16 ақпанда келген. Ол бұған дейін алдағы раундтың міндеттерінің бірі ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келу болуы мүмкін екенін, соның ішінде Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қорғау мәселесі талқыланатынын атап өткен.

Серіктес жаңалықтары