×
489.3
578.94
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.3
578.94
6.38

Халық қолдаса, 15 наурыз жаңа Конституция күні болады- Әшімбаев

Бүгін, 13:25
Халық қолдаса, 15 наурыз жаңа Конституция күні болады- Әшімбаев
Ulysmedia коллажы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа Конституция күні референдум өтетін күн 15 наурыз болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сенат спикерінің айтуынша, жаңа Конституцияның өтпелі ережелеріне сәйкес, мерекелік күн ретінде Конституция қабылданған күн белгіленеді.

- Менің білуімше, қабылданатын күн туралы айтылып отыр. Қабылданатын күн мен күшіне енетін күн екі түрлі нәрсе. Егер өтпелі ережелер жобасына қарасақ, онда Конституцияның қабылданатын күні туралы айтылған. Қабылданатын күн 15 наурыз, - деді Әшімбаев.

Сенат спикері түпкілікті шешім референдум қорытындысына байланысты болатынын мәлімдеді.

- Азаматтар өздері дұрыс деп есептейтін нұсқаға дауыс беруге құқылы. Ешкім шектемейді. Сондықтан да, азаматтардың пікірін білу үшін референдум жарияланып отыр. Халық қалай шешсе, соған сәйкес шешім қабылданады. Егер қолдаса, жаңа Конституция қабылданады және Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді, - дейді Сенат төрағасы.

Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады және ресми демалыс күні ретінде белгіленген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Қазақстанның Конституция күні 1 шілде болуы мүмкін екені хабарланған еді. Бұл норма республикалық референдумға шығарылуы жоспарланған жаңа Негізгі заң жобасында көрсетілген. Құжатқа сәйкес, егер референдумда қабылданса, жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары