×
489.3
578.94
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.3
578.94
6.38

Бас прокуратура референдум алдында қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін, 17:24
Бас прокуратура референдум алдында қазақстандықтарға ескерту жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Бас прокуратурасы жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға дайындық аясында азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, референдум 2026 жылғы 15 наурызға белгіленгенін атап өтті. Азаматтар жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша дауыс береді. Референдумды өткізу тәртібі конституциялық заңдармен реттеледі, соның ішінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу қатаң талаптарға бағынады.

МАҢЫЗДЫ ТАЛАПТАР

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу құқығы тек Қазақстанда тіркелген, кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғаларға беріледі. Олар сауалнама басталмай тұрып Орталық сайлау комиссиясына алдын ала хабарлап, қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті.

Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар сауалнама нәтижелерін жариялаған кезде міндетті түрде:

  • зерттеуді кім жүргізгенін;

  • оны кім тапсырыс беріп, қаржыландырғанын;

  • сауалнама қашан және қандай әдіспен өткенін;

  • сұрақтың нақты тұжырымын;

  • қатысушылар санын және ықтимал қателік деңгейін көрсетуі тиіс.

ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН КЕЗЕҢ

Сауалнама нәтижелерін дауыс беруге бес күн қалғанда және референдум өтетін күні жариялауға тыйым салынады. Сондай-ақ дауыс беру күні тікелей сайлау учаскелерінде сауалнама жүргізуге болмайды.

ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Прокуратура дерегінше, қазірдің өзінде төрт заң бұзушылық тіркелген:

  • үш жағдайда сауалнама заңсыз жүргізілген;
  • бір жағдайда нәтижелер міндетті деректерсіз жарияланған.

Нәтижесінде екі азамат, бір заңды тұлға және бір баспа басылымының иесі жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары