×
476.97
562.59
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.97
562.59
6.27

Қауіпсіз аймақ қысқарып барады: Алматылықтар жер сілкінісінде қайда барады?

Бүгін, 17:21
Қауіпсіз аймақ қысқарып барады: Алматылықтар жер сілкінісінде қайда барады?
Коллаж: adyrna.kz

Алматылықтар төтенше жағдай кезінде қайда барып жиналу керегін нақты білмейді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Ирина Смирнова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЭВАКУАЦИЯҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ КЕҢІСТІК ЖОҚ

Оның айтуынша, қала сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймақ болғанына қарамастан, эвакуация жүйесі іс жүзінде толық әзірленбеген.

Алматы қаласының бас жоспарына қатысты материалдарды зерделеу барысында қоғамдық кеңістіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезінде халықты эвакуациялау мен жинау бойынша жүйелі шешімдердің жоқ екені анықталды, – деді Ирина Смирнова.

Депутат №131 мектеп-лицейін мысалға келтірді. Бұл нысан №289 эвакуациялық жиналу пункті ретінде есептеледі. Алайда оның аумағында қазірдің өзінде №115 балабақша салынған, әрі тағы бір корпус тұрғызу жоспарланған. Соның салдарынан эвакуацияға арналған ашық кеңістік іс жүзінде қысқарып отыр.

Бүгінде іс жүзінде төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялау және жинау үшін қауіпсіз орындар жүйесі қарастырылмаған болып отыр. Алматыда бос қоғамдық орындар қай жерде бар?,– дейді депутат.

БОС ЖЕРЛЕРДІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БЕРГЕН

Оның пікірінше, дәл осындай жағдай қаладағы басқа аудандарда да байқалады. Бос жерлер мен скверлер құрылысқа беріліп, нысандар салынып жатыр.

Қазақстан халық партиясы депутаттарының фракциясы Төтенше жағдайлар министрлігін бұл мәселені шұғыл түрде зерттеп, тиісті шара қабылдауға шақырды. Сондай-ақ Бас прокуратурадан төтенше жағдай кезінде жиналу орындарының жоқтығына және олардың нақты реттелмеуіне құқықтық баға беруді сұрады.

Бұған дейін Ulysmedia Алматыда жер сілкінісі кезінде тұрғындардың барлығына бірдей алдын ала ескерту хабарламасы жолданбайтыны туралы жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары