×
476.97
562.59
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.97
562.59
6.27

«Екі мың доллар беремін»: Жұмаділдаев «шешімі жоқ есепке» неге бәс тіге береді?

Бүгін, 17:45
«Екі мың доллар беремін»: Жұмаділдаев «шешімі жоқ есепке» неге бәс тіге береді?
коллаж Ulysmedia

Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есепті шешкен адамға 2000 доллар сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық математик Асқар Жұмаділдаев өзі құрастырған есепті шешкен адамға 2000 доллар көлемінде сыйақы беретінін мәлімдеді. Ғалымның айтуынша, бұл есеп ерекше логикалық және математикалық ойлауды талап етеді. Ол есепті шешуге кез келген адамның мүмкіндік бар дейді. 

ШЕШІМІ ЖОҚ ЕСЕП ПЕ?

Желіде тараған академиктің бейнежазбасына пікір жазып жатқандар көп. Олардың бірі  “қымбат есеп екен”, “шешімін таптым, Асқар ағайдың өзіне айтамын” десе, енді бірі “шешімі жоқ есеп” деп, күмән келтіріп жатыр. Сондай адамдардың бірі – жас математик Абылайхан Жалғасұлы. 

Бұл есепті Асқар мырзаның айтып жүргеніне неше жыл болды десеңізші. Мен мұны 15-16 жыл бұрын естіген едім. Егер сол уақыт аралығында шешімін өзі тапқан болса, мен Асқар мырзаның өзіне кез келген уақытта 2000$ жіберемін. Көрсеткен бойда бірден жіберем, «жарты секундта». Тағы бір-екі сұрағы бар, олар да танымал. Ешқайсысының шешімі жоқ. Олар – әлемнің ең мықты математиктері таппаған немесе табылмайтыны белгілі болған сұрақтар,– деп жазды Абылайхан Жалғасұлы.

Оның айтуынша, студенттерге суперкомпьютер шеше алмай жатқан есепті айтып, 2000 доллар сыйлық тігу академиктің деңгейіне сай емес.

Мен бұл кісінің тырнағына да татымайтын математик болармын, бірақ сонда да бұл – менің ойым. Мұндай абыроймен, студенттерге мотивация болу үшін шешімі пайда алып келетін немесе тым болмаса шешімі бар есептер берсе, мүлдем басқа жағдай болар еді. Ал шешімі жоқ екенін біле тұра студенттердің босқа уақытын алуы сәл-пәл қате сияқты,– дейді ол.

ЖЫЛ САЙЫН 100 ДОЛЛАР ҚОСЫЛАДЫ

Асқар Жұмаділдаев бұл есепті 60 жасында ұсынған. Қазір академик 70 жаста. Содан бері он жыл өтсе де, есепті шығарған әлі бірде-бір адам жоқ.  Есептің бағасы алғашында 100 доллар болған. Бұл есеп:  – х!+1=у2. Содан бері жыл сайын 100 доллар қосылып, бүгінге дейін 2000 долларға жетіпті.

Ғалымның айтуынша, қазіргі жастардың потенциалы өте жақсы. Оның есебін шығарғандар бар екен. Бірақ қате болып шыққан.

Бұл өте қиын есеп. Шығара алмайтын есептер қатарына жатады. Оны шығару мүмкін емес. Мұның жауабын өзім де білмеймін. Әлемде шешімі жоқ есептер көп қой, – дейді Асқар Жұмаділдаев.

Серіктес жаңалықтары