×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Мұғалімдер сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін жауап бермейтін болады

Бүгін, 12:30
Мұғалімдер сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін жауап бермейтін болады
Фото: istock

Қазақстан Мәжілісінің депутаттары педагог мәртебесі мен білім беру жүйесіне қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатта мұғалімдердің балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде ғана жауапты болатыны нақты көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасында бірнеше маңызды норма қарастырылған.

– Біріншіден, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігі тек оқу процесі кезеңімен шектеледі. Яғни, сабақтан тыс уақытта, демалыс күндері, каникул кезінде және кешкі мезгілде жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі. Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының Тамыз конференциясында берген нақты тапсырмасы бар. Екіншіден, мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу нормасы енгізілді, – деді ол.

Сондай-ақ депутат есептілікке қатысты өзгерістер ұсынылғанын айтты. Атап айтқанда, педагогтерге қағаз және электронды форматта қатар есеп тапсыру міндеті жойылуы мүмкін. Алдағы уақытта есеп тек бір форматта ғана жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Заң жобасы енді Мәжілісте одан әрі талқыланатын болады.

Серіктес жаңалықтары