×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Мәсімовтің Эпштейн ісіне қатысы бары расталса, жазалана ма?

Мәсімовтің Эпштейн ісіне қатысы бары расталса, жазалана ма?
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек пен Ермұрат Бапи Кәрім Мәсімовтің есімінің Эпштейн құжаттарында аталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Абзал Құспанның сөзінше, Мәсімовтің Эпштейн мәселесіне қатысы бар болғандығы ол автоматты түрде қылмыс жасады дегенді білдірмейді. 

- Ол осы жағдайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмысқа қатысы болса, әрине қайда отырса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – дейді депутат. 

Ал депутат Бақытжан Базарбек қазақстандық құқық қорғау органдары АҚШ-тағы тергеу нәтижесін күтуі керегін айтады. 

- Себебі құқықтық негіз болуы керек. Соттың ресми актілері шықсын. Сол бойынша біздің құқық қорғау органдары қимылдайды. Егер Мәсімов Эпштейнмен тек байланысса, ол қылмыс болып есептелмейді. Егер сол азаматпен АҚШ-та болған қылмыстық оқиғаларға қатысы болса, сол аралға барса, сондағы қанды оқиғаларға қатысы болса, біздің органдар осыны негізгі алып, тергеуі керек, – дейді депутат Базарбек. 

Ермұрат Бапи бұл іске қатысты нақты деректер болса, Кәрім Мәсімовті қылмыстық жауапқа тарту керегін айтады. 

- Ал әзірше АҚШ әділет министрлігінің сайтында тұрған құжаттарға қарағанда, нақты жағдайлар анықталса, соған байланысты мемлекеттік органдар шешім шығарады деп ойлаймын, – дейді Бапи. 

ЭПШТЕЙН ІСІ

Айта кетейік, Джеффри Эпштейн ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің есімі кемінде сегіз рет аталады. Атап айтқанда, оның аты электронды хаттарды қоса алғанда, құжаттардың бірнеше бөлігінде аталған. Бұл материалдар 2011–2015 жылдар аралығын қамтиды. 

Серіктес жаңалықтары