×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

"Бәрі тексеріледі": Асылов Мәсімов пен Келімбетовтің Эпштейн ісінде аталуы туралы

Бүгін, 12:47
"Бәрі тексеріледі": Асылов Мәсімов пен Келімбетовтің Эпштейн ісінде аталуы туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Ақорда кулуарында журналистердің Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетовтің Эпштейн ісіне қатысты файлдарда аталуына байланысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналистер Асыловтан депутаттық сауалдан кейін Бас прокуратура бұрынғы қазақстандық шенеуніктердің аты-жөні Эпштейн ісі материалдарында аталуына байланысты тексеру бастаған-бастамағанын сұрады.

ЖАУАП

— Әрине, бұл маңызды мәселе. Депутат сауал жолдады, бірақ ол әлі бізге ресми түрде түскен жоқ. Бас прокуратура да, басқа да мемлекеттік органдар бұл деректерді тексеріп жатыр. Қатысы болды ма, болмады ма — бәрі анықталады, — деді Асылов.

Журналистер нақты кімдерге қатысты тексеру жүріп жатқанын және тізімде Мәсімовтің аты бар-жоғын нақтылауды өтінді.

— Алдын ала тексеру басталды, оның ішінде Мәсімовке қатысты да. Депутат Эпштейн Қазақстанға келді ме, келмеді ме деген сұрақ көтеріп отыр — бұл бағытта тексеру жүріп жатыр. Келімбетовтің өзі шетелге шықты ма, шықпады ма — мұның бәрі де тексеріледі, — деп жауап берді Бас прокурор.

Серіктес жаңалықтары