×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді

Бүгін, 14:12
Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді
Фото: rg.ru

Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді. Қазақстан азаматтары Владимир Путин бастамашы болған отандастарды қоныстандыру бағдарламасы аясында Ресейге көшіп барған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қоныс аудару бағдарламасы іске қосылған сәттен бері, яғни шамамен 20 жыл ішінде, Ресейге 1,2 миллионнан астам адам көшкен. Келгендер саны бойынша алғашқы орында Қазақстан тұр — 325 мың адам. Одан кейін Украина (301 мың) және Тәжікстан (159 мың) орналасқан.

Қоныс аударушылар көбіне Тула, Калуга және Челябі облыстарын таңдаған. Бұл деректерді Ресей ІІМ-нің азаматтық мәселелері жөніндегі қызметі келтіреді.

БАҒДАРЛАМА

Шетелде тұратын отандастарды Ресейге ерікті түрде көшіруге жәрдемдесу бағдарламасы 2006 жылы Путиннің жарлығымен енгізілген. Бағдарламаның ресми мақсаты — КСРО ыдырағаннан кейін Ресейден тыс қалып қойған орыстарға елге оралуға мүмкіндік беру.

Бағдарлама қатысушыларына азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу және әлеуметтік қолдау уәде етілген. Оның ішінде көшу шығындарын өтеу, қоныстануға арналған біржолғы төлем және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары