Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің еш жерде жарияланбаған суреттері шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Осы күнге дейін отбасылық мұрағатта сақталып келген шебердің түпнұсқа эскиздерін әйгілі суретшінің шөбересі Айсанам Қастеева “Қайырлы таң, Қазақстан” бағдарламасына алып келді.

Айсанам Қастееваның сөзінше, бұл суреттер бұған дейін еш жерде жарияланбаған.


Суреттерді Айсанамға Қастеевтің қызы Гүлдария Қастеева берген.


ҚАСТЕЕВ
Айта кетейік, қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысындағы Жаркент төңірегінде өмірге келген. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.