×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақ билігі «ұлттық картаны» ойнату қауіпті екенін түсініп отыр – РФ СІМ

31.01.2023, 10:39
фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы жағдайға қалай қарап отыр? Ол жерде алдағы уақытта «екінші Украина» пайда болуы мүмкін бе? Ресей журналистері қойған осы сұраққа Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің жауабы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы шетелдік ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ресей мен Қазақстан – көп жылғы тарихи достық пен сенім байланыстыратын көрші елдер. Бүгінде екіжақты қарым-қатынастың стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейінде тұрғаны тегін емес. Сол себепті ресейлік және қазақстандық билік ортақ проблемаларды шешуде өзара әрекет ететіні анық», - делінген жауапта.

РФ СІМ екіжақты қарым-қатынас жайлы тағы да былай дейді.

«Қазақстан билігінің әртүрлі деңгейде «ұлттық карталарды» ішкі саясатта пайдалану оп-оңай бақылаудан шығып кетуімен қауіпті екенін түсініп отырғанын байқаймыз».

Шетелдік ведомство сонымен қатар ресейлік-қазақстандық одақтастық қарсы күштердің барына қарамастан, екіжақты көпжоспарлы өзара қарым-қатынас бекемдеп жатқанын атап өтеді.

«Біз БҰҰ Жарғысына, жалпыға ортақ ережелер мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес, республиканың ішкі істеріне араласпаймыз», - делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары