×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” - Танагөз Толқынқызы

08.03.2026, 15:35
"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” - Танагөз Толқынқызы
Facebook / Tanagoz Tolkynkyzy

Әлеуметтік желілерде ақын Танагөз Толқынқызының қазақ қоғамы туралы жазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ақын Facebook-тегі парақшасында қазақ қоғамына қатысты сыни пікір білдіріп, елдің қазіргі жағдайына баға берген. Жазбада ол қазақтарды "принципі жоқ", "құлдық сана қалыптасқан" қоғам деп сипаттады.

Сондай-ақ ол қоғамда құндылықтардың әлсірегенін, адамдардың бір-біріне жанашырлығы азайғанын және пайдакүнемдік пен жемқорлық кең тарағанын жазған.

"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды.

Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған.

Принципі жоқ надан ұлт қалыптасты.

Жағымпаз, өтірікші, екіжүзді, сатқын, намыссыз, фейк, псевдо ұлт.

Өз тілінде сөйлемейді. Құлдық сана етінен өтіп сүйегіне жеткен.

Ешкімге ештеңе керек емес.

Ешкім ешкімге араша түспейді.

Қорқақ, можантопай, дарақы, мақтаншақ.

Критикалық ойлау санасы қалыптаспаған.

Бейғам. Жайбарақат.

Басына кім көрінген аяғын сүртіп кете береді. Әлсіз, қауқарсыз, дәрменсіз.

Халық емес құл-құтандар легі ме дерсің.

Бір-біріне қайырымсыз. Тасбауыр. Бір-бірін иттің етінен жек көреді.

Өзін-өзі тонаған, өзін-өзі тоздырған, өз тамырынан ажыраған тобыр.

Ұры ұлт. Бұл қасиет – қазіргі біздің басты қасиетіміз.

Жеу үшін жаратылғанбыз. Қай жерден нені жымқырып жеп қалсақ екен деп ойлап тұрамыз.

Құндылық жоқ.

Ар құдай болған заман келмеске кетті.

Қарны тойса болды, бәрін сатады.

Адам емес құлқын ғана көремін.

Мына сөзге талағың тарс айрылса да айтайын. Сендер ертең шүршіттің тілінде сөйлеп жоқ боласыңдар.

Астананы басып алған қара құмырсқалар бұл елді енді өлсе де тастап өз отанына қайтпайды. Келген жерін отан қылады.

Олар қатты сөйлейді, дарақы күледі, келмей жатып осы жердің қожайыны сезінеді.

Себебі принципі жоқ ұлттың жерін де, тілін де, туын да, тәуелсіздігін де ақшаға сатып жіберетінін біледі.

Сендер енді өзгермейсіңдер! Осы кеткендерің кеткен!", – деп жазды ақын.

ЖЕЛІДЕГІ РЕАКЦИЯ

Бұл жазба әлеуметтік желіде үлкен пікірталас туғызды. Бірі автордың сөзін қоғамдағы мәселелерге айтылған ауыр, бірақ шынайы сын деп қабылдаса, енді бірі мұны "ұлтты қорлау" деп бағалады.

АНЫҚТАМА

Танагөз Толқынқызы – ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, "Біз – таулықпыз", "Сағынып жүрмін" жыр жинақтарының авторы.

 

Серіктес жаңалықтары