×
491.59
572.16
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.59
572.16
6.24

Киік мүйізі сатылымға шығарылмақ: түскен қаржы қайда жұмсалады

Бүгін, 17:13
Киік мүйізі сатылымға шығарылмақ: түскен қаржы қайда жұмсалады
Фото: Сәкен Ділдахмет

Биыл сәуірден бастап Қазақстан киік мүйізін сатуды қайта бастауға ниетті. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ulysmedia.kz-тің сауалына жауап беріп, бұл саудадан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты.

Әр мүйіз есепте

Министрдің айтуынша, Алматыдағы арнайы қоймада шамамен 20 тонна киік мүйізі жиналған.

- Киік санын реттеу кезінде мүйіздер кесіліп алынады. Олар қабылдау пункттерінде және жергілікті әкімдіктерде ақпараттық жүйеге енгізіліп, арнайы таңбаланады. Кейін күзетпен Алматыға жеткізіледі. Мұнда арнайы салқындатқыш қоймалар бар. Онда белгілі бір температура мен ылғалдылық режимі сақталады. Әр мүйіздің жеке нөмірі бар және бәрі тіркеуде тұр, – деді Ерлан Нысанбаев.

Айта кету керек, киік мүйізі – браконьерлердің басты нысанасына айналған ең құнды ресурс. Осы саладағы тәртіпті күшейту үшін Қазақстан Бонн конвенциясына қосылып, 2016 жылдан бері киік мүйізін сатуға нөлдік квота енгізген еді.

Киікті қорғау үшін ата ма?

2025 жылдың желтоқсанында бұл квота жылына 10 тоннаға дейін ұлғайтылды. Дегенмен Экология министрлігі әзірге киік мүйізін сатудан қанша қаржы түсетінін нақты айта алмай отыр.

- Нарықта өнім болмаса, оның бағасы жоғары болады. Ал көп көлемде шықса, баға төмендеуі мүмкін. Сондықтан нақты сома туралы айту қиын, – деді министр.

Сонымен бірге, министрлік түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын анықтап қойған.

- Бұл қаржы биоалуантүрлілікті сақтауға, киіктерді қорғауға және қажетті техника сатып алуға бағытталады, – деді Нысанбаев.

Киік мүйізінің бағасы қанша?

Бұған дейін Ерлан Нысанбаев киік мүйізінің бағасына қатысты пікір білдіріп, интернетте бір килограмы 2000 долларға дейін сатылатыны туралы мәліметтерді көргенін айтқан. Алайда министр мұндай бағалар шынайы емес болуы мүмкін екенін жеткізген.

Серіктес жаңалықтары