×
491.59
572.16
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.59
572.16
6.24

Астанадағы 178 апатты үйдің тұрғындары көшіріледі

Бүгін, 17:50
Астанадағы 178 апатты үйдің тұрғындары көшіріледі
Фото: видеодан алынды

Астана қаласы Қоғамдық кеңестің отырысында қайта жаңартылуы тиіс тұрғын үйлер тізімін бекіту туралы шешім жобасы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жиында заңнамадағы өзгерістерге байланысты бұл құжатты қабылдауға қажеттілік туындағаны айтылды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, қайта жаңартуға жататын нысандар тізімін бекіту құзыреті жергілікті атқарушы органдарға берілген. Бұған дейін мұндай тізімді қала әкімі бекіткен.

Елордада қайта жаңарту бағдарламасы 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта тізімге апатты деп танылған 178 көпқабатты тұрғын үй енгізілген. Бағдарлама жүзеге асырылған уақыт ішінде 18 мыңнан астам тұрғын көшіріліп, 341 апатты үй сүрілген.

Бағдарлама үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең 2013–2017 жылдары іске асырылған, осы уақытта 228 апатты үйдің тұрғындары көшірілді. Екінші кезеңде 2018–2022 жылдары аралығында  874 пәтерлі 54 апатты үй тұрғындары көшірілді.

Үшінші кезеңде, яғни 2023–2029 жылдары 4710 пәтерлі 206 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жоспарланған. Өткен жылы 1742 пәтері бар 59 апатты үйдің тұрғындары көшірілген.

Қазіргі уақытта 178 апатты үй тұрғындарын көшіру жоспарлануда. Тұрғындарға пәтерлер облигациялар шығару арқылы облигациялық қарыз алу есебінен сатып алынады. Отырыста бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастырылғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары