×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Ашық айтуымыз керек": Тоқаев Астанадағы интернет сапасын сынға алды

31.01.2023, 16:03
фото: ашық дереккөзден

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланың өзекті мәселелеріне назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жалпы, елорданың даму барысы жаман емес. Былтыр әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті. Ел өмірінде елордамыздың орны ерекше. Оған қойылатын талап та жоғары. Бұл – тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар мәселе», – деді президент.

Мемлекет басшысы қаладағы шешімін күткен мәселелерді атап көрсетті.

«Қазір шаһарда жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар. Біраз жерде интернеттің сапасы нашар. Мұны ашық айтуымыз керек. Яғни, өзекті мәселе аз емес. Астана – үлкен қала, көшіп келіп, тұрып жатқан азаматтар көп. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық түседі. Сондықтан, алдағы жұмыс барысында мынадай мәселелерге айрықша назар аудару қажет», – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары