×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

LRT құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады – Президент

31.01.2023, 15:17
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына жеке тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады.

Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын»,  – деді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астана қаласының экс-әкімі, премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов LRT жобасы жөнінде пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары