×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Иран режиссеры Мәжид Мәжиди соғысқа байланысты үндеу жасады

Бүгін, 14:30
Иран режиссеры Мәжид Мәжиди соғысқа байланысты үндеу жасады

Халықаралық кинофестивальдердің лауреаты, танымал ирандық режиссер Мәжид Мәжиди Ирандағы соғысқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Мәжиди АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылын сынап, соғысты азаттық пен еркіндік үшін күрес деп бағалады.

«Келешек ұрпақ пен бүгінгі адамзат осы жер бетінде дүниенің барлық қызығынан гөрі ар-намыс пен қадір-қасиетті биік қойып, "жоқ" деп айта білген халықтың болғанына мақтануы тиіс. Бүгін өздерінің дамуымен, байлығымен және сән-салтанатымен мақтанған аймақ елдерінің қалай қорлыққа түскенін көріп отырмыз. Олардың бар үміті — қожайыны Америкада. Бірақ олар өмір бойы байлығын сорып келген Американың бүгін өздеріне қауіп төндіріп тұрғанын көруде. Олардың тек байлығы ғана емес, ар-намысы да желге ұшты», – деді ол үндеуінде.

Режиссер әуе соққысынан келген шығын мен залалдың барлығы өткінші дүние деп есептейді. Ол мұны жеңіліс санамайды.

«Иә, бүгін біз Иранда от пен қирандыны жеңіліс деп көрмейміз, өйткені бұлар дүниенің өткінші бейнесі ғана, кейін одан да жақсысы салынады. Бүгін біз адамзаттық қадір-қасиеттің, махаббат пен мейірімнің шыңын көріп отырмыз. Бүгінгі Иранда мәрттік пен жанқиярлық жарысы жүріп жатыр. Біз Иран тарихының осынау кезеңінде өмір сүріп жатқанымыз үшін өте бақыттымыз», – деді ол.

Мәжид Мәжиди Иранның ең танымал режиссерлерінің бірі. Оның «Жұмақ сәулесі», «Аспан балалары» сияқты кинофильмдері бар. Бір рет «Оскарға» да үміткер болған.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде елді үздіксіз 37 жыл билеген аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Осыдан кейін ресми Тегеран аймақтағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильге зымыран және дрондармен шабуылдаған.

Иранда былтыр желтоқсанда валютаның құнсыздануы мен гиперинфляцияға қарсы жаппай халықтық наразылық басталып, ол биылғы жылдың қаңтарына дейін жалғасқан. Бастапқыда әлеуметтік-экономикалық талаптармен басталған наразылықтың арты саяси талапқа ұласып, оны билік күшпен басқан. Құқық қорғау ұйымдарының есебінше, елде наразылық кезінде 30 мыңнан астам адам қаза тапқан. Аятолла билігі бұл наразылыққа да АҚШ пен Израильді айыптаған.

Серіктес жаңалықтары