×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Ресейде Telegram толық бұғатталуы мүмкін

Бүгін, 16:06
Ресейде Telegram толық бұғатталуы мүмкін
expert.ru

Сарапшылар Ресейде мессенджер жұмысына шектеу қоюды сынақтан өткізу кезеңі аяқталуға жақын екенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кейбір ресейлік БАҚ «ақпараттанған дереккөздерге» сілтеме жасап, 1 сәуірден бастап Telegram Ресейде толық бұғатталуы мүмкін екенін жазды. Хабарламаларға қарағанда, мессенджер VPN арқылы да жұмыс істемеуі мүмкін.

Қазірдің өзінде қолданушылар сервис жұмысында түрлі ақаулар пайда болғанын айтып жатыр. Атап айтқанда, хабарламалардың кешігіп жетуі және мобильді интернет арқылы жүктеу кезінде қиындықтар туындаған.

Сарапшылардың пікірінше, әр өңірде және әртүрлі байланыс операторларында ақаулардың әрқалай болуы шектеулерді сынақтан өткізу жүргізіліп жатқанын көрсетуі мүмкін.

ШАҒЫМ КӨБЕЙГЕН

«Сбой.рф» порталының дерегінше, соңғы күндері Telegram жұмысына қатысты шағымдар күрт көбейген.

15 наурыз күні сервиске қатысты 12 мыңға жуық шағым, ал 14 наурызда шамамен 6 мың шағым тіркелген.

Ал «Роскомнадзор» Telegram-ды шектеу мәселесін мессенджер Ресей заңнамасын сақтамайды деп түсіндіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары