×
479.02
551.11
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.02
551.11
5.82

16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-шенеунік тергеу изоляторында көз жұмды

Бүгін, 09:34
16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-шенеунік тергеу изоляторында көз жұмды
Фото: Ашық дереккөзден

16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-шенеунік тергеу изоляторында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Uralskweek.kz сайтының жазуынша, 57 жастағы Әлібек Жүпілов тергеу изоляторында жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Оның денсаулығы сыр беріп, нашарлағаны туралы бұған дейін де айтылған.

Әлібек Жүпіловтің үстінен биыл қаңтарда 120-бап («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған еді.

Контекст

Бұл іс бойынша Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны жәбірленуші деп танылған. Жасөспірім қыздың айтуынша, ол әлеуметтік желіде өзін жас жігіт ретінде таныстырған тұлғамен хат алмасқан. Кейін күдікті қызды үйіне шақырып, такси жіберген және мекенжайға келген бойда оған күш қолданып, жыныстық қатынасқа түскен.

Әлібек Жүпілов Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болған. Қаңтардың аяғында өз еркімен жұмыстан кеткен.

Серіктес жаңалықтары