×
479.02
551.11
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.02
551.11
5.82

Блогер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза сотқа шақырылды

Бүгін, 13:13
Блогер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза сотқа шақырылды
Ulysmedia.kz коллажы

Instagram-да миллиондаған аудиториясы бар блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза әріптестері Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сотқа шақырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жолшыбеков пен Нұртаза да өз парақшаларында онлайн ұтыс ойындарын ұйымдастырған. Олар сотқа куәгер ретінде шақырылған.

Сот хатшысының айтуынша, блогерлер Алматыда жүргенін және екеуі де ауырып қалғанын айтып, сотта бейнебайланыс арқылы жауап беруге мүмкіндік сұраған.

Алайда айыпталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанова бұған қарсы шығып, куәгерлерден жауап тікелей сот залында алынуы керек екенін айтты.

– Астана мен Алматының арасында жарты сағат сайын ұшақ қатынайды. Кешке пойызға отырса, таңертең Астанаға келуге болады. Мен олардың еңбекке жарамсыздық парақтарына күмәнмен қараймын. Екеуі бірдей қатарынан ауырып қалыпты. Солардың жазылғанын күтейік. Алда мереке күндері бар, бір апта уақыт бар. Осы азаматтар сауығып шыққанша күтеміз, – деді ол.

Сот үзіліс жариялады. Үзілістен кейін басқа куәгерлерден жауап алу басталады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбеков те үйінде ұтыс ойнатқаны үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің көзіне түскен болатын. Ұтыс арқылы блогер 1,5 млрд теңге жинаған. Блогерге 50 мыңға жуық адам 30 мың теңгеден жіберген.

Серіктес жаңалықтары