×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

АҚШ халқы сайлауда Байденді де, Трампты да көргісі келмейді – сауалнама

01.02.2023, 09:22
фото: ашық дереккөзден

Жаңа сауалнама көрсеткендей, АҚШ халқы Байденді де, Трампты да Ақ үйден көргісі келмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

"Сайлаушылардың үштен екісі Байденнің немесе Трамптың қайтадан президенттікке үміткер болғанын құптай қоймайтынын немесе қатты наразы екенін жеткізген", - деп хабарлайды телеарна.

Байденнің президенттік перспективаларына қатысты респонденттердің 48%-ы өте ыңғайсыздық сезінсе, 19%-ы күмәнданатынын айтқан.

Дей тұрғанмен, сайлаушылардың 34%-ы Байденнің, 32%-ы Трамптың сайлауға қатысуын қолдайды.

Сауалнама нәтижесі бойынша, америкалықтардың 71%-ы мемлекет бұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді. Бұл АҚШ халқының тұрақты пессимизмін көрсетеді дейді сауалнама авторлары.

Сонымен қатар, келесі жылы Американың қайда бет бұратыны туралы сұраққа жауап берген респонденттердің 69%-ы жағымсыз сөздер мен сөз тіркестерін қолданған.

Серіктес жаңалықтары