×
482.32
553.37
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.32
553.37
5.63

Беларусь билігі 250 саяси тұтқынды бостандыққа шығарды

Бүгін, 09:39
Беларусь билігі 250 саяси тұтқынды бостандыққа шығарды

Беларусь билігі 250 саяси тұтқынды бостандыққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

19 наурызда Беларусь билігі бір топ саяси тұтқынды бостандыққа шығарды. Олардың арасында құқық қорғаушылар, оппозициялық саясаткерлер, журналистер мен 2020 жылы наразылыққа қатысқандар бар.

Бұған АҚШ-тың арнайы өкілі Джон Коул Минскіде Беларусь басшыларымен кездескен. Кездесуде өзге мәселелермен қатар, саяси тұтқындарды босату туралы да сөйлескен.

АҚШ-тың Вильнюстегі елшілігі жалпы саны 250 адам босатылғанын мәлімдеді: олардың 15-і Литва аумағына өтсе, тағы 235-і Беларусьтің өзінде бостандыққа шыққан. Бұл — соңғы жылдары Беларусьта бір мезгілде тұтқындар ең көп босатылған жағдай.

Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенконың баспасөз қызметі тұтқындарға "гуманизм қағидаларына байланысты" рақымшылық жасағанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, елдің түкпір-түкпіріндегі түрмелерде 1100-дей саяси тұтқын қамауда отыр. Саяси баппен сотталғандар әлі де көп.

Серіктес жаңалықтары