×
482.32
553.37
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.32
553.37
5.63

Қамаудағы Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанына екі аптадан асты

Бүгін, 10:00
Қамаудағы Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанына екі аптадан асты
Фото: ашық дереккөзден

Қамаудағы саяси белсенді Ермек Нарымбайдың ашық жариялағанына екі аптадан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Адвокат Васили Садықов Астананың тергеу изоляторында отырған Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанын айтты. Сөзінше, белсенді өзін ұстау себебімен келіспейді.

Адвокаттың айтуынша, Нарымбай аштығын 4 наурызда бастаған. Қазір тек су ішіп отыр.

Бұған дейін адвокат Ермек Нарымбайдың прокурорға жазған өтінішін Facebook желісіне жариялаған.

Контекст

5 ақпанда Астана қаласының тергеу соты Ермек Нарымбайды екі айға қамауға санкция берген. Ол тергеу жалғасқанша 3 сәуірге дейін қамауда отырады.

Қамалғанға дейін белсенді әлеуметтік желіде конституциялық референдумды сынаған жазбалар жариялаған.

2023 жылы қыркүйекте шыққан үкім бойынша Нарымбаевқа "қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айналысуына" тыйым салынған. Осы шешім негізінде белсендіге “сот үкімін орындамады” деген айып тағылған.

Ермек Нарымбаев бұған дейін де "сот шешімін орындамағаны үшін" әкімшілік жазаға тартылған еді. Адвокатының сөзінше, бұл жолы оған қылмыстық бап қолданылып отыр.

Серіктес жаңалықтары