×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сан -Маринода аборт жасау жалпы халықтық референдум арқылы заңдастырылды

27.09.2021, 10:19
Фото: euronews

Еуропаның кейбір елдерінде түсік жасату қылмыс саналады

Сан -Маринода абортты заңдастыру үшін дауыс бергендер басым түсті, деп хабарлауды Euronews.  150 жыл бұрын қабылданған заң бойынша аброт қылмыс болып саналды. Референдумға Италияның орталығында орналасқан шағын республика тұрғындарының 40% -дан астамы қатысты. 77% -дан астамы 12 аптаға дейін аборт жасауды қолдап дауыс берді. Одан үлкен мерзімде рәсімге тек ауыр медициналық себептерге байланысты рұқсат етіледі. Жергілікті парламент енді тиісті заң жобасын дайындауы керек.

“Ирландия мұндай өзгеріске үш жыл бұрын қол жеткізді.  Италияда 1978 жылдан бері рұқсат. Сонымен қатар, Еуропа елдерінің арасында Мальта мен Андоррада түсік жасау әлі де заңсыз болып саналады. Ал Польша биыл абортқа толықтай дерлік тыйым салды”,- делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары