×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Ресейден астық пен жем-шөп импорттауға тыйым салынды

Бүгін, 16:06
Ресейден астық пен жем-шөп импорттауға тыйым салынды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден бірқатар астық дақылдарын, жем-шөпті және оларды өңдеу өнімдерін импорттауға уақытша тыйым енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Тиісті құжатты 2026 жылғы 21 наурызда Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті қабылдады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатқа сәйкес, бұл шара эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданып, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Негіз ретінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шешімі алынған.

Шектеу ауқымды өнім түрлерін қамтиды. Олардың қатарында бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, соя бұршақтары (тұқымдықтан басқа), сондай-ақ кебек, күнжара, қызылша жомы, барда, сыра өндірісінің қалдықтары және жем өндіруде қолданылатын өзге де компоненттер бар. Сонымен қатар, дайын мал азығына да тыйым салынады.

Құжат Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіy34 барлық аумақтық бөлімшелеріне, оның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларына жолданған. Оларға шекарада осындай өнім анықталған жағдайда ветеринариялық қызметтермен бірлесіп, оны кері қайтаруды қамтамасыз ету тапсырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі талаптардың қатаң сақталуы тиіс екенін атап өтті. Тыйым уақытша, алайда оның нақты мерзімі әзірге көрсетілмеген.

Серіктес жаңалықтары