×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Төбелесіп қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа лауазымға тағайындалды

Бүгін, 09:00
Төбелесіп қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа лауазымға тағайындалды
Серік Сәпиев. Фото: Ашық дереккөзден.

Әріптесімен төбелестен кейін қызметінен кеткен олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде бокс федерациясы хабарлады.

Серік Сәпиев ақпанның басында орынбасарымен болған төбелестен кейін қызметінен кеткен. Ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – деген сол уақытта облыс әкімдігі.

Қызметінен кеткеннен кейін Серік Сәпиев көп ұзамай ақ туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

43 жастағы боксшы Серік Сәпиев 2012 жылғы олимпиада ойындарының чемпионы. 2017-2019 жылдары парламент мәжілісінің депутаты болған.

Серіктес жаңалықтары