×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Бүгін, 14:11
Ерболат Досаев қызметінен босатылды
Фото: BES media

Ерболат Досаев президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Ерболат Досаев бұл қызметке былтыр қыркүйекте тағайындалған.

Контекст

55 жастағы Досаев 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан соң Алматы әкімі болып тағайындалып, былтыр 25 мамырда бұл қызметтен босатылған болатын.

Досаев елді Нұрсұлтан Назарбаев басқарып тұрған тұста, 1998 жылы премьердің кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Содан бері қаржы, денсаулық сақтау, экономика министрі, Ұлттық банк басшысы, премьердің орынбасары қызметтерін атқарған.

Досаев 2006-2012 жылдары аралығында бизнеспен айналысқан. 2014 жылы қазақстандық Forbes журналы оны елдегі ең дәулетті 50 кәсіпкер қатарына енгізген.

Серіктес жаңалықтары