×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Ресейдегі жаппай төбелестен кейін қазақстандықтар ұсталды

Бүгін, 14:22
Ресейдегі жаппай төбелестен кейін қазақстандықтар ұсталды
Видео кадры

Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматтары жаппай төбелесn3. Оқиғадан кейін ондаған адам ұсталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға Усть-Луга порты маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда бір топ жас жігіттің шулап, төбелесіп жатқанын көруге болады.

Кейін оқиға орнына жарқылдақ шамдары қосылған көлік жоғары жылдамдықпен келіп, адамдарды тарата бастайды. Оқ атылғаны естіледі. Бірқатар жігіттерді күштеп көліктерге отырғызып, алып кеткен.

– Неге оларды ұстап жатырсыздар? Не үшін әкетіп барасыздар? – деп айқайлайды видеоны түсірген әйел.

Видео авторының айтуынша, ол жерде интернет жоқ, сондықтан қазақстандықтар елшілікпен байланыса алмай отыр. Оның сөзінше, оларға көмек қажет.

СІМ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРМЕДІ

Материал жарияланған сәтте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары