×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпазына 1 млн теңге табысталды

27.09.2021, 11:00
Фото: Ашық дереккөзден

«Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

 Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер - 2021» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

«Жігер» байқауының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздары: І орын - Сәния Байтарова, «Жетісу» телеарнасының редакторы («Арнайы хабар» «Меруерттің мұңы» шығарылымы); ІІ орын - Ерлан Мұқанов, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы («Жігер» бағдарламасы); ІІІ орын - Индира Бектенова, «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы («Әлемді мойындатқан Шардара» бағдарламасы)»,- делінген хабарламада.

Жеңімпаздар диплом, «Жігер» естелік мүсіншесінің және қаржылай сыйақы иегерлері атанды: I орын – 1 000 000 теңге; II орын – 500 000 теңге; III орын – 300 000 теңге.

Серіктес жаңалықтары