×
$
450.79
524.13
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.79
524.13
5.31

Тоқаев Балаеваның Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілеттерін айқындады

Бүгін, 10:50
Тоқаев Балаеваның Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілеттерін айқындады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Жарлықпен Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ереже бекітіліп, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттері айқындалды.

Құжатқа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты жаһандық сын-қатерлерге және ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізеді.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеті кеңейді

Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының құзырына Қауіпсіздік кеңесі төрағасының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің толық әрі мүлтіксіз орындалуын бақылау кіреді. Бұл шұғыл отырыстарда қабылданған шешімдерге де қатысты.

Сонымен қатар ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру және заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының міндеттеріне ақпараттық және киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелері де кіреді.

Бұдан бөлек, ол аталған бағыттарда жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыс орнатады және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жұмысын ұйымдастырады.

Қауіпсіздік кеңесі пппараты президентке тікелей бағынады

Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесінің пппараты дербес мемлекеттік орган ретінде президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Аппарат ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылауды жетілдіру және күшейту, мемлекеттік басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы мен Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне институционалдық қолдау көрсету міндеттерін атқарады.

Сонымен бірге аппарат Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуына байланысты шараларды жүзеге асырады.

Бұл міндеттер Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін қорғауға бағытталған.

Еске салайық, 2026 жылғы 31 тамызда Аида Балаева  Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Балаева оның алдында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары әрі мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды.