×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Тоқаев БҰҰ төрағасы бола ма

Бүгін, 17:35
Тоқаев БҰҰ төрағасы бола ма
Ulysmedia коллажы

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Тоқаевтың БҰҰ бас хатшысы болу мүмкіндігі туралы ой-пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алешка Симкичтің айтуынша, БҰҰ-да бас хатшыны сайлауда нақты ереже жоқ, және Шығыс Еуропадан мықты, тәжірибелі тұлға кандидат болуы мүмкін.

– Білуімше, президент Тоқаев бір сұхбатында өзінің кандидат емес екенін айтқан, бірақ ол мұны жоққа шығармайды. Ол – дипломат, ол – мықты адам, ол – президент. Ал бас хатшыны бұрынғы президент, мемлекет не үкімет басшысы арасынан тағайындаған болатын. Сондықтан барлығы мүмкін. Ешқандай ереже жоқ. Иә, Гутерриш мырза – Еуропалық одақтың өкілі, бірақ БҰҰ-да Еуропалық одақ деген ұғым жоқ. Батыс Еуропа және Шығыс Еуропа тобы бар. Шығыс Еуропадан ешқашан бас хатшы болған емес. Демек Шығыс Еуропадан бас хатшы болғысы келетін бірқатар кандидат бар. Бұл жерде ереже жоқ. БҰҰ қазіргі уақытта қиын жағдайда, қолдауда таппай отыр. Сондықтан менің – Еуропалық одақтың қалауы – БҰҰ-ның бұрынғы даңқын қалпына келтіре алатын күшті бас хатшысы болғаны, – деді ол.

Ал Виктор Майко өз пікірінде, Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты беделі жоғары дипломат ұйымның беделін арттыра алар еді деп есептейді.

– Жорамалдап айтар болсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты тұлғаның БҰҰ нығайтуға көмектесуіне еш қарсы болмас едім. Ол өте зиялы, тәжірибелі дипломат. Халықаралық байланыстары мықты әрі сенімді, білікті маман ретінде беделі жоғары тұлға. Мұндай адам ұйымның беделін де, оның жұмыс тиімділігін де артыра түсер еді. Ашып айтайын, бұл менің елші ретіндегі ресми мәлімдемем емес, таза жеке көзқарасым, – деді Майко мырза.

СҰХБАТ

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майкомен ашық әңгіме жүргізді.

Подкаст барысында спикерлер тек Украинадағы соғысты ғана емес, әлемдік саясаттың жаңа кезеңін талқылады. Сонымен қатар дипломаттар әлемдегі күш балансының өзгеруі туралы айтты.

Шыңарылымда Қытайдың рөлі де ерекше аталды. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі геосаясатта ең жылдам күшейіп келе жатқан мемлекет – Қытай. Қытай экономикасының өсуі әлемдік тепе-теңдікті өзгертіп,

Ресей үшін де маңызды тірекке айналып отыр. Кейбір бағалаулар бойынша, қазіргі Ресей экономикасының тұрақтылығына Қытаймен экономикалық байланыстар айтарлықтай әсер етеді.

Тағы бір маңызды тақырып – Таяу Шығыс және Иран. Еуропалық дипломаттардың айтуынша, Ирандағы жағдай, өңірлік тұрақсыздық және ядролық қауіпсіздік мәселелері халықаралық саясаттағы ең күрделі түйіндердің бірі болып қала береді. Бұл факторлар да әлемдік қауіпсіздік жүйесіне ықпал етеді.

Дипломаттардың пікірінше, бүгінгі әлем болжауға келмейтін, тұрақсыз кезеңге кірді. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі әлсіреп, бұрынғы ережелер жұмыс істемей жатыр. Сондықтан қақтығыстарды тоқтатудың жалғыз жолы тек ашық диалог пен дипломатия.  

Серіктес жаңалықтары