×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

01.02.2023, 19:19
Ашық дереккөз

Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз өзара болу мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзбекстанның Сыртқы көші-қон агенттігінің хабарлауынша, «Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы» үкіметаралық келісімге екі ел азаматтарының келу, болу және кету тәртібіне қатысты түзетулер енгізілген.

«Бір тарап мемлекетінің азаматтары, егер олардың болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен, ал жалпы алғанда – 180 тәуліктің әрбір кезеңінде барлығы 90 күннен аспаса, екінші тарап мемлекетінің аумағына уақытша тұруға ықтиярхат (уақытша тіркеуге ықтиярхат) бермей-ақ кіреді, шығады, транзитпен жүреді. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күні есептеледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрліктері екі ел үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарлары шарттары туралы өзгерістер енгізді. Олар ішкі рәсімдер аяқталған соң күшіне енуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары