×
478.77
548.62
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.77
548.62
5.87

«Кейде өз-өзіме қарап...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын жайып салды

«Кейде өз-өзіме қарап...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын жайып салды
ашық дереккөз

Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты жаңалығын бөлісті. Танымал актриса әлеуметтік желі арқылы қазіргі көңіл күйі мен отбасыдағы өзгерістер туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚАРАПАЙЫМ ТІРШІЛІККЕ ДЕ ТӘУБЕ»

Өнер иесі көктемнің екінші айын жақсы көңіл күймен қарсы алғанын айтып, отбасы жағдайының тұрақты әрі берекелі екенін жеткізді. Оның сөзінше, шаңырағында қонақ жиі болып, ақ тілектер айтылып, баталар беріліп жатыр.

Сәуір айына үмітпен қадам бастық. Қазір көңіл күйім жақсы, шүкір. Үйімізге қонақ келіп, жақсы сөздер айтылып жатыр. Балалар да өз жолын табуға талпынып жүр. Кенжем Рәбия Сұлтан жасына сай өсіп, еңбектеп жүр. Осындай қарапайым тіршілікке де тәубе деймін, – деді актриса.

Сонымен қатар ол шығармашылыққа қатысты ойын да ашық жеткізіп, алда атқарылатын жұмыстың көп екенін атап өтті. Оның айтуынша, өнер жолы – үлкен жауапкершілікті талап ететін сала.

«МАЗМҰНДЫ ЖОБАЛАР ЖАСАУҒА НИЕТТІМІН»

Кейде өз-өзіме қарап, алда атқарар іс көп екенін сезінемін. Бұған дейін де еңбек еттік, бірақ әлі де жасайтын дүние жеткілікті. Өнер – жай ғана жұмыс емес, ол – қоғам алдындағы жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта да мәнді, мазмұнды жобалар жасауға ниеттімін, – деді актриса.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы пікірлер қалдырып, қолдау білдіруде.

Серіктес жаңалықтары