×
478.77
548.62
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.77
548.62
5.87

«Өзара келісім»?: Шымкентте базар басшысы сатушы әйелді зорламақ болған

«Өзара келісім»?: Шымкентте базар басшысы сатушы әйелді зорламақ болған
kazpravda.kz

Шымкентте базар басшысына ауыр айып тағылды. Қалалық полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жәбірленуші – базарда сауда жасайтын әйел. Ол жалдау ақысын уақытында төлей алмағандықтан, мәселені шешу үшін әкімшілікке жүгінген.

Оның айтуынша, кездесу барысында базар басшысы өзін кабинетіне шақырып, әуелі дөрекі сөйлеген, кейін күш қолданған.

Бұл жайтты құқық қорғаушы Ләззат Ракишева да жария етті. Ол жәбірленушінің үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын және қиын әлеуметтік жағдайда жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ, қорғаушының мәлімдеуінше, әкімшілік өкілі жалдау ақысын «басқа жолмен өтеуді» ұсынған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Оқиға кезінде әйелдің баласы кабинет сыртында күтіп тұрған. Жәбірленуші сол күні құқық қорғау органдарына жүгініп, арыз жазған.

Алайда, оның сөзінше, кейбір қызметкерлер болған жағдайды «өзара келісім» ретінде көрсетуге тырысқан.

Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл фактіні растады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары