×
472.31
543.72
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.31
543.72
5.86

Алматы зообағында туған шөнжіктерге ат қойылды

Бүгін, 11:49
Алматы зообағында туған шөнжіктерге ат қойылды
Алматы зообағы

Өткен аптада Алматы хайуанаттар бағында үш кішкентай жолбарыс туғаны хабарланған. Үш күшік те - еркек. Зообақ өкілдері әлеуметтік желіде шөнжіктерге ат таңдау үшін оқырманнан көмек сұраған болатын, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Оқырман түрлі нұсқаларды ұсынған болатын. Арасында: Арыс, Барыс, Намыс, Шымыр, Темір, Болат, Лео, Тео, Зевс, Ричард, Рэм, Рокки, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай деген де атаулар болды.

“Достар! Зообағымызда үшем болып туған кішкентай жолбарыстарымызға ат қоюға байланысты сіздерден көптеген ұсыныстар келді. Әрқайсыларыңыздың нұсқаларыңызды қарап шығып, белсенді атсалысқандарыңыз үшін қуандық. Түрлі ұсыныстардың ішінен лайықты ат таңдау оңай болмады. Бірақ күн сайын кішкентай жолбарыстардың жанында жүріп, олардың мінезін жақсы білетін «Жыртқыш сүтқоректілер» бөлімінің қызметкерлері өз шешімдерін қабылдады. Таныс болыңыздар: АЛАН, АРЛАН және ТАРЛАН!”,- деп жазылған хайуанттар бағының Инстаграм парақшасында. 

Ат таңдауға қатысты пост астында 416  адам пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары