Ресейде ірі банктердің клиенттері ақша аудара алмай, қолма-қол қаражат шеше алмай отыр. Тіпті карта арқылы төлем жасау да мүмкін болмай қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚАУ НЕДЕН ШЫҚТЫ?
Пайдаланушылар «Сбер», ВТБ, Т-Банк, Ozon Банк және Альфа-Банк қосымшаларының жұмыс істемей қалғанын айтып шағымданып жатыр. Мұны Downdetector сервисіндегі деректер де растап отыр.
Клиенттердің айтуынша, олар ақша аудара алмай отыр. Дүкендерде карта арқылы төлем жасау, банкоматтар мен бөлімшелерден де қаражат алу мүмкін емес.
Бұған қоса, Жылдам төлемдер жүйесі мен QR-код арқылы төлеу қызметі де істемей қалған.
БАНКТЕР НЕ ДЕЙДІ?
«Сбер» банкінде ақау барын растады, алайда нақты себебін атаған жоқ.
«Қазір клиенттеріміздің бір бөлігі қызметтерді пайдалануда қиындықтарға тап болып отыр. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз — мамандар мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу бағытында жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады банк өкілдері.