×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

Шымкентте заңсыз жүрген ондаған мигрант ұсталды

Бүгін, 13:20
Шымкентте заңсыз жүрген ондаған мигрант ұсталды
Фото: kushevskoesp.ru

Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақша үшін шетел азаматтарын алдаған

Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан,– дейді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жалған еңбек шарттар жасаған

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілген. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасады,– деді Қанат Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, наурыз айында Өзбекстан азаматтары Астанадағы «Карима» мейрамханалар желісінде олардың төлқұжаттарын тартып алып, жалақы төленбегенін айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары