×
474.9
555.3
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.9
555.3
6.24

Оқушыны соққыға жыққан. «Мұғалім істі жабу үшін ақша ұсынды»

Бүгін, 14:51
Оқушыны соққыға жыққан. «Мұғалім істі жабу үшін ақша ұсынды»
коллаж Ulysmedia

Ақтөбеде бесінші сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімнің соты басталды. Зардап шеккен баланың анасы Ulysmedia.kz тілшісіне берген сұхбатында, оқиғадан кейін оларға мәселені ушықтырмау үшін ақша ұсынғанын айтты.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Бұл оқиға 6 қазан күні кешке №36 мектептің ауласында болған. Айсұлтан жай ғана футбол ойнауға шығады. Бірақ алаңда жоғары сынып оқушылары жүрген. Анасының айтуынша, олар кіші сынып оқушыларын қуып шыққан, содан кейін сөзге келіспеушілік туындап, арты жұдырықтасуға ұласқан.

Менің балам есінен танып қалып, шамамен бір сағат жерге құлап жатқан. Сол кезде оның қолын бұрап тастаған. Ешкім жақындаған жоқ, ешкім көмектеспеді. Ол жалғыз жата береді. Үйге жеткен соң бірден жедел жәрдем шақырдым. Менің балам ол күнді ұмытқан жоқ. Оны тепкен баланы көрсе, қорқып қалады. Түнде шошып оянады. Бұл жай ғана төбелес емес. Күн сайын балам осы оқиғаның үрейімен өмір сүруде, – дейді Ақжан Кәрім.

ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БАЛАНЫ ҚОРҚЫНҚАН

Жәбір көрген баланың қолы сынған. Қазір ол кезекті отаға дайындалып жатыр. Оқиғадан кейін, ауруханаға директордың орынбасары келіп, баланың жағдайын білген.

Балам ауруханада қолы сынып жатқанда, директордың орынбасары келіп оны қорқыта бастады. Кейін біздің үйге де келіп, ақша ұсынды. «Бұл отбасында жалғыз бала, қанша сұраса да төлейді. Біз мұндай жағдайларды әдетте ақшамен шешеміз» деді, – дейді Ақжан Кәрім.

Ол тек жоғары сынып оқушысы ғана емес, сынып жетекшісі де жауапқа тартылсын деп отыр.

МЕКТЕПТІҢ ҰСТАНЫМЫ ҚАНДАЙ?

№36 мектептің директоры педагогтың шынымен де ауруханаға барғанын растады. Осы әрекеті үшін оған ескерту берілген. Алайда мұғалімнің оқиғаны ушықтырмау үшін ақша ұсынғаны жөнінде ақпаратты растаған жоқ.

Ақша ұсыну туралы маған ештеңе белгісіз, мен ол жерде болғаным жоқ. Мұғалімнің ауруханаға барғаны туралы ата-аналар видеоны көрсетті. Бірақ ол жерде зардап шеккен баланың ата-анасы болмаған. Осыған байланысты мұғалімге ескерту берілді, – деді директор Бауыржан Сарин.

Қазір оқушыға қатысты іс «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қаралып жатыр. Оның қандай жаза алатынын сот шешеді.

Автор: Ардақ Ерубаева

Серіктес жаңалықтары